Жаңалықтар
ҰБТ. IT-мамандықтарға түсетін талапкерлерге информатика енгізілді
- авторjambylinfo.kz
- 8 қыркүйек, 2022
- 1.1k
ҰБТ. IT-мамандықтарға түсетін талапкерлерге информатика енгізілді
2022-2023 оқу жылынан бастап IT саласына оқуға түсетін талапкерлерге ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізіледі, деп хабарлайды Жамбылинфо BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасап.
«Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер ҰБТ-да «Математика-Физика» емес, «Математика-нформатикадан» тест тапсырады, - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.Наурызда ҰБТ кезінде пилоттық жоба ретінде IT саласын таңдаған түлектерге «Математика-Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша енгізілген еді.
Айта кетейін, наурыздағы ҰБТ кезінде пилот ретінде аталған дайындық бағыттарына түсушілерде «Математика-Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болды. Бұл апробация тиісті нәтижелерді көрсетіп, бірінші кезекте қабылданатын шешімнің талапкерлер үшін оңтайлы болатынын дәлелдеді, - деді ол.Дереккөз: http://baq.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Еліміз метрология жөніндегі еуропалық ұйымға қабылданды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҚМДБ еліміз бойынша Ораза айт намазының кестесін жариялады
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 наурыз, 2026




