бейсенбі, 25 желтоқсан, 2025 20:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

DAMUMED қызметтері бойынша заңбұзушылық анықталды

DAMUMED қызметтері бойынша заңбұзушылық анықталды
Фото: istockphoto.com
Қазіргі уақытта "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы ЖШС айыппұлды толық көлемде өтеді.

Астанада "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы" ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеру аяқталды, нәтижесінде Damumed жүйесінен заңнама бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ведомствоның ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы" ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

"Тергеп-тексеру нәтижесінде Damumed медициналық ақпараттық жүйесіне кіру қызметін көрсету және оны техникалық сүйемелдеу қызметтері бойынша монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі анықталды", - делінген хабарламада.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен серіктестікке 286 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар