Жаңалықтар
Елімізде сары май өндірісі төмендеп, шетелден әкелінетін май 50% артқан
- авторjambylinfo.kz
- 28 ақпан, 2023
- 779
Елімізде сары май өндірісі төмендеп, шетелден әкелінетін май 50% артқан
Қазақстанда сары май өндіру көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3% төмендеді. Осылайша, осы уақыт ішінде қазақстандық кәсіпорындар 24,8 мың тонна өнім шығарды, ал 2021 жылы 27,1 мың тонна сары май өндірілген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық статбюро мәліметінше, экспорт та 16,7%-ға төмендеген.
Өткен жылдың 12 айында шетелге 3,8 мың тонна май жіберілді, ал 2021 жылы 4,5 мың тонна экспортқа шығарылды.
Өз кезегінде импорт 49,2%-ға өскен, 2022 жылы 7,8 мың тоннадан астам өнім импортталды. Сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы 23,9% құрады.
2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 28,8 мың тонна сары май сатылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстан мен Оман арасында тікелей рейс ашылады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 наурыз, 2026






