Жаңалықтар
Елордада Спорт күніне орай экологиялық акция өтті
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 17 тамыз, 2025
- 523
Іс-шараны Respublica партиясы қала әкімдігімен және «Жасыл ел» қозғалысымен бірлесіп өткізді
Елордада Спорт күніне орай экологиялық акция өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Астанада «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Тәні саудың – жаны сау» атты экологиялық плоггинг-акция ұйымдастырылды. Іс-шараны Respublica партиясы қала әкімдігімен және «Жасыл ел» қозғалысымен бірлесіп өткізді.
Қатысушылар орман белдеуінде жүгірумен қатар, қоқыс жинады. Партия өкілдерінің айтуынша, плоггинг спортты командалық рух пен экологияға қамқорлықты ұштастырып, қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.





