Елордада жұмыс кестесінің өзгеруі: бұл қай мекемелерге әсер етеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 қыркүйек, 2025
- 452
Бұл шешім жолдарда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қала әкімдігінің мәліметінше, өзгерістер қала орталығында орналасқан мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдарға қатысты болады.
Осыған сәйкес, 15 қыркүйектен бастап қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-да басталады, Астана әкімдігінің қызметі – 7:30, кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар – 7:30-8:00 аралығында бастайды. Жұмыс уақытының аяқталу сағаты да сәйкесінше өзгертіледі, - делінген мәліметте.
Жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚО және басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді.
Айта кетейік, кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күні бұрыннан 8:00-де басталады.
Бұл шаралар негізгі магистральдардағы таңғы және кешкі сағаттардағы көлік ағынын азайтуға бағытталған.





