Ерболат Садырбаев ТЖ вице-министрі болып тағайындалды
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
Үкіметтің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы болған Ерболат Садырбаев Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол 1982 жылы Жамбыл облысында туған. Білімі жоғары, мемлекеттік және жергілікті басқару докторы (PhD).
Әр жылдары жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарда, сот жүйесінде, ҚР Президенті Іс Басқармасында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.