Германия Қазақстан бағытындағы әуе қатынасын уақытша шектейді
Германияның Lufthansa әуе компаниясы 2025 жылғы 26 қазаннан 2026 жылғы 29 наурызға дейін Қазақстанға ұшатын рейстерді уақытша тоқтатады.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің мәліметінше, мұндай шешімге келесі факторлар себеп болған:
- Ресей Федерациясының әуе кеңістігін әскери әрекеттерге байланысты айналып ұшу шығындардың артуы;
- әуе кемелерінің жетіспеушілігі, сондай-ақ жаңа ұшақтар мен қосалқы бөлшектердің дер кезінде жеткізілмеуі;
-көптеген әуе компанияларында байқалатын маусымдық жолаушылар ағынының төмендеуі.