жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ: өтінім мәртебесін енді мобильді қосымшадан көруге болады

ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ: өтінім мәртебесін енді мобильді қосымшадан көруге болады
Фото: gov.kz
Енді азаматтар мемлекеттік қызметке берген өтінімдерінің мәртебесін нақты уақыт режимінде көре алады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "ЦОН" мобильді қосымшасында жаңа функцияны іске қосты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz gov4c.kz сілтеме жасап.

Өтінім мәртебесін көру үшін қолданушы қосымшадағы «ХҚКО қызметтері» немесе «Арнайы ХҚКО қызметтері» бөлімін таңдап, өтінім нөмірін енгізуі керек. Бұл жаңашылдық қызмет көрсету процесін барынша ашық етіп, азаматтарға өтінімнің қай сатыда тұрғанын және нәтижені қашан алуға болатынын нақты білуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – енді өтінім мәртебесін білу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.

Жаңа функция азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызметтерге деген сенімді арттырады. Әр қолданушы өз өтінімінің қаралу кезеңін көріп, кез келген өзгеріс туралы жедел хабардар бола алады.

«Өтінім мәртебесін бақылау жүйесін енгізу – мемлекеттік қызметтерді жаңғыртудың маңызды қадамы. Бұл шешім ашықтықты арттырып, халыққа қызмет көрсетудің қолайлылығын күшейтеді. Мұндай цифрлық бастамалар Президент Жолдауында айтылған цифрлық трансформация міндеттерімен үндесіп, мемлекеттік қызмет сапасын жаңа деңгейге көтереді», – деді Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы.

Қосымшада сонымен бірге электронды қолхаттарды сақтау және көру мүмкіндігі іске қосылған. Бұл қолхат – өтінімнің қабылданғанын немесе қызметтің көрсетілгенін растайтын ресми құжат. Ол автоматты түрде «Тапсырыс тарихы» бөлімінде сақталады.

Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта да азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта жылдам әрі ыңғайлы түрде ұсынуға бағытталған жаңа цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырады.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар