Хабарландыру: Бірқатар облыс аумағынан әскери техника жүріп өтеді
Маңғыстау облысында "Батыс" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің қатысуымен "Айбалта-2025" екіжақты жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Бұл шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық жоспары аясында іске асырылуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқу-жаттығу барысында, 12 қыркүйектен бастап, бірнеше облыс аумағында әскери күштер мен техниканың қозғалысы жоспарланған. Әскери бөлімшелер (жеке құрам мен техника) аралас – теміржол және автокөлік арқылы орын ауыстырып, кейін тұрақты дислокация пункттеріне оралады.
Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу кезеңінде кейбір аумақтарда уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін екенін хабарлады.