жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ІІМ: 9 есірткі зертханасы жойылды

ІІМ: 9 есірткі зертханасы жойылды
Фото: Polisia.kz
Атқарылып жатқан жұмыстарға ІІМ-нің арнайы бөлімшелері мен Ұлттық ұланның күштері тартылған.

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі маусым айынан бері "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасын іске асыруда. Оның мақсаты – есірткі өсімдіктерінің заңсыз егістіктерін анықтап, жою, есірткі арналарын кесу және ұйымдасқан қылмыстық топтарды әшкерелеу.

Операцияға ІІМ арнайы бөлімшелері мен Ұлттық ұлан қатысуда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақтар арқылы 40 әуе рейді жасалып, нәтижесінде 20 есірткі егістігі табылып, 5 мыңнан астам есірткі өсімдігі жойылды, 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді.

Ірі фактілер:

Ұлытау облысында 103 келі марихуана тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды;

Жамбылда – 206 келі, БҚО-да – 135 келі есірткі заттары тәркіленді;

Түркістан облысында 650 келі қарасора мен 48 келі көкнәр табылды;

Жезқазған мен Сәтбаевта 43 тонна көкнәр заңсыз айналымнан алынды.

Үш айдағы қорытынды:

677 есірткі қылмысы тіркелді (оның 242-сі – сату, 220-сы – заңсыз егіс);

2 тонна марихуана, 47 келі гашиш, 3 тонна қарасора, 155 келі синтетика, 8,5 тонна прекурсор тәркіленді;

27 мыңнан астам өсімдік жойылып, 9 зертхана, 3 ұйымдасқан топтың қызметі тоқтатылды.

Жедел іс-шара жалғасуда.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар