Жаңалықтар
Индонезияда мешітте жарылыс болып, 54 адам жарақат алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 қараша, 2025
- 210
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
Индонезия астанасы Джакартада мектеп аумағындағы мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болып, 54 адам зардап шекті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға Келапа Гадинг ауданында болған. Полиция мәліметінше, жарақат алғандардың арасында оқушылар да бар. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала дерек бойынша, жарылыс мешіттің дыбыс жүйесі маңында болған. Қазір оқиға орнында полиция мен жарылғыш заттарды залалсыздандыру қызметі жұмыс істеп жатыр. Жарылыстың себебі анықталуда.





