Интерпол Қазақстанның алғашқы «Күміс хабарламасын» шығарды
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 тамыз, 2025
- 544
Интерпол Қазақстан Республикасының алғашқы «Күміс хабарламасын» шығарды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Былтыр Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті Интерполдың осы бағыттағы пилоттық жобасына қатысушы жұмыс тобына кірді.
Жобаға 50-ден астам ел қатысуда, олардың қатарында Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Қытай, БАӘ, Ресей және басқалары бар.
Бұл құрал Интерполға мүше 196 ел арасында заңсыз иемденілген активтер туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Оның көмегімен жылжымалы және жылжымайтын мүлік пен ақша қаражаттарын қадағалау, сәйкестендіру және деректер алу мүмкін болады.
Енді Интерпол тек іздеудегі адамдар ғана емес, активтер туралы да ақпарат тіркейді. Қажетті негіздер болған жағдайда, бұл активтерге қатысты қудалау шаралары қолданылуы мүмкін.
Комитет активтерді қайтару тетіктерін жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жұмыстарын жалғастыруда.





