"Кінәсі жоқ": Хасанның анасы Президенттен араша сұрады
- авторjambylinfo.kz
- 4 қараша, 2024
- 504
"Хутор" бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың анасы Мемлекет басшысынан істің әділ тергелуін талап етіп, көмек сұрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz inbusiness.kz -ке сілтеме жасап.
Ресми мәлімдемесінде Гүлнар Нұракенова ұлының жазықсыз екенін айтады.
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үндеу жариялаймын! Менің баламның ісін әділетті түрде шешіп беруіңізді, өз назарыңызға алуыңызды сұраймын! Баламды жазықсыздан-жазықсыз қаралап отыр. Оның ешқандай кінәсі жоқ. Соның бәрін зерттеу керек. Заң органдарынан жауап күтемін. Сол үшін келіп отырмын, - деді ол.
Еске салайық, Алматы облысы полиция департаменті тергеуді өз бақылауына алып отыр. Әзірге тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жарияланбайды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз