Конституция күніне орай №58 мекемесінде шахматтан турнир өтті
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, арнайы дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №58 мекемесінде шахматтан спорттық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараның басты мақсаты – жазасын өтеушілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, логикалық ойлау қабілетін дамыту және мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.
Турнирге қатысушылар ерекше ынтамен дайындалып, өзара шеберліктерін сынады. Жарыс барысында қатысушылардың ойынға деген қызығушылығы, қарсыластарға деген құрметі және ережелерді сақтау мәдениеті байқалды. Бұл турнир тек спорттық сайыс қана емес, сондай-ақ тәрбие құралы ретінде де маңызды рөл атқарды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, арнайы дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен ұйымдастырушылар тарапынан оң бағасын алды.
Аталған турнир – ҚАЖ жүйесінде сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне, олардың уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізуге бағытталған тәрбиелік іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады. Алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табады деп күтілуде.