Ұлттық ұланның офицері екінші рет адам өмірін сақтап қалды
Капитан Рүстем Абишев Астана қаласындағы аулалардың бірінде денсаулығы күрт нашарлаған азаматқа көмек қолын созды.
Оның жедел әрекетінің арқасында ер адам аман қалды. Бұл оның адам өміріне екінші рет араша түсуі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығының Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының аға офицері Рүстем Байкалұлы егде жастағы ер адамның үй ауласындағы орындықта сүлесоқ және еңкейіп отырғанын байқаған. Басын сүйеп, қозғала алмай отырған азаматқа әскери қызметші келіп, жағдайын сұраған. Ал ол қан қысымы көтерілгенін және көмек керегін әрең жеткізген.
Осылайша, ұландық әскери қызметшінің жедел әрекеті жазатайым оқиғаны болдырмауға септігін тигізді.
Айта кетейік, Р. Абишев Ұлттық ұлан сапында 2007 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Офицер осыдан 10 жыл бұрын да адам өмірін аман алып қалған болатын. Ол кезде ол Өскемен қаласында демікпесі ұстап қалған көлік жүргізушісіне дер кезінде алғашқы көмек көрсеткен.