Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлады Jambylinfo.kz 

Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі.