бейсенбі, 23 сәуір, 2026 22:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасымен келіссөздер жүргізді

Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасымен келіссөздер жүргізді
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы, CLAAS Group байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер қазақ-герман экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент екіжақты байланыстарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Басқарма төрағасына алғыс айтып, бірлескен бастамалар мен жобаларды қолдау жалғасатынына сенім білдірді.

Катрина Клаас-Мюльхойзер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын жаңа Конституция қабылдау бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады.

Әңгімелесу барысында сауда, инвестиция, өнеркәсіп бағыттарындағы ықпалдастықтың мүмкіндіктері мол екеніне назар аударылды.

Екі елдің энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, логистика және су ресурстарын басқару сияқты салалардағы өзара кооперациясын күшейтуге мән берілді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Катрина Клаас-Мюльхойзер алдағы уақытта өтетін С5+Германия форматындағы диалогтың күн тәртібін талқылап, сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге уағдаласты.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар