жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы "Әл-Азһар" университеті Жоғарғы имамының орынбасарымен кездесті

Мемлекет басшысы  "Әл-Азһар" университеті Жоғарғы имамының орынбасарымен кездесті
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы "Әл-Азһар" университеті Жоғарғы имамының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайнимен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келгеніне ризашылық білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Азһар» ұстанымдары еліміздің бейбітшілік саясатына толық сай келетініне, оның бастамалары жалпы адамзат өркениетінің бірлігін нығайта түсетініне тоқталды.

Мемлекет басшысының пікірінше, Астанада өтіп жатқан Съезд – Қазақстанның дінаралық келісімді нығайту жолындағы табанды саясатының көрінісі. Ал діни көшбасшылардың басқосуы – жай ғана кездесу емес, нақты шешімдер қабылданатын маңызды платформа. 

Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы шейх Ахмет ат-Тайебтің ізгі сәлемін жеткізіп, Съездің әлемде бейбітшілікті орнықтыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.
 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар