Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде дзюдошыларға қолдау көрсетті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Президенті Астанада өткен халықаралық Qazaqstan Barysy Grand Slam дзюдо турниріне қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысы жарысты трибунадан тамашалап, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен бірге болды.

Қазақстандық дзюдошылар жақсы нәтиже көрсетті: Ғұсман Қырғызбаев пен Талғат Орынбасар күміс медаль иеленді, ал Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Есет Қуанов және Абылайхан Жұбаназар қола жүлдеге қол жеткізді.

Биылғы турнирге 46 елден 358 үздік спортшы қатысты.