Жаңалықтар

Нашақорлықтың психологиялық себептері және емделу жолдары қандай

Жасыратыны жоқ бүгінде нашақорлық қоғам дертіне айналып отыр. Қаншама талқандаған адам тағдырыды, өрімдей жастардың көптеп шырмалып жатқанын көріп көңіл жүдейді.

  Ең өкініштісі, тәулік өткен сайын есірткі тектес заттардың формасы түрленіп, мектеп санатындағы жеткіншектерге де ауыз сала бастаған.

 Бүгінгі қоғамдағы ең үлкен мәселелердің бірі – нашақорлық. Себебі бұл жағымсыз құбылыс елімізді ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Мамандардың сөзіне сүйенсек, нашақорлыққа тәуелділік психикалық бұзылу арқылы өрбиді. Қазіргі таңда есірткі құралдарына 200-ден астам атау кіреді екен. Өте қорқынышты цифр.

 Аталмыш дертпен қоғам болып күресу қажет. Осыған орай құзырлы орындар мен білім басқармасы мектептер мен колледждерде тақырыптық дәрістер, тренингтер, семинарлар өткізу ісін қолға алуда. Жастар мен жасөспірімдерге түйсігнінің ақ парақтай таза кезінде, қолдап-қолпаштап бағыт берсе, теріс жолға түспейтіні айдан анық.

 Әрине, ешбір маман «қол қусырып қарап отырмыз» деп айта қоймас. Анығы сол, соңғы уақытта кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің арасында нашақорлықтың күрт өскені байқалады. Психолог маман Нуризат Әбзелбектің айтуынша жағымсыз көрсеткіштің себебі көп.

 Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.

Денсаулығымызға зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық. Адам баласының жаман әдеттерден аулақ болуы ол өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы деп есептеймін. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болатын ол қазіргі жас ұрпақ, сол мемлекетімізді биік шыңдарға жеткізу, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың қолынан келеді.

Мамандар нашақорлық диагнозымен динамикалық бақылауда тұрған адамдар саны жылдан-жылға азайып жатқанын айтады. Бірақ, бұл – есепте тұрған азаматтардың «үлесі». Шын мәнінде, ата-аналар балаларын мемлекеттік емдеу орталықтарына апаруға құлықсыз көрінеді. Тіпті баласының нашақор еке­нін мойындағысы да келмейді. Есепке тұрса, екі қолға бір күрек таба алмай, қоғамнан шеттетіледі деп ойлайды. Сөйтіп, жеке емдеу орталықтарын жағалап жүреді екен. Елімізде есірткіге қатысты ахуал осындай...