жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға сапармен барады

Осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға сапармен барады
Aqorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Ақорда Мемлекет басшысының алдағы күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

14 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады

Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады. 

14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады. 

Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді. 

16 қарашада Президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады. 

17-19 қараша күндері Астанаға Эстония Президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді. 

Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар