Парламент депутаттары каникулға кетті
Қос палатаның қарауында 158 заң жобасы болды, оның ішінде 89 заң қабылданған.
Бүгін Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, сегізінші сайланған парламенттің үшінші сессиясы жабық деп жарияланды. Енді депутаттар демалысқа шығып, Қазақстанның өңірлерін аралауға аттанады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz nur.kz сілтеме жасап.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сегізінші сайланған Қазақстан парламентінің үшінші сессиясының жұмысын қорытындылап, үкімет мүшелеріне, сенат пен мәжіліс аппараттары қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін ризашылығын айтты.
Айта кетейік, үшінші сессия барысында парламент палаталарының 3 бірлескен отырысы, сенат пен мәжілістің 39 жалпы отырысы өткен.