Парламент жаңа Салық кодексін Президентке жібереді
Мемлекет басшысы бұл құжатты қолдайтын болса, онда кодекс 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Мәжіліс Сенаттың жаңа Салық кодексі мен оған ілеспе заңға енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz inbusiness.kz cілтеме жасап.
Ілеспе заң бойынша Сенат 35 позиция енгізді. Олар редакциялық және нақтылау сипатына ие, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілеріне, оның ішінде Сенат енгізген түзетулерге сәйкестікке келтіруді көздейді.
Жалпы Сенат енгізген түзетулер заңдардың тұжырымдамалық нормаларын өзгертпейді.
Айта кету керек, бұған дейін сенаторлар жаңа Салық кодексін Мәжіліске қайтарғанын жазған едік.