Жаңалықтар

Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Қайғылы оқиға 23 қыркүйек күні «Павлодар–Қызылорда» автожолының Байет ауылынан 5 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алдын ала мәлімет бойынша,  «Toyota Lucida» автокөлігінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай, «Sitrak» жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Toyota автокөлігі өртеніп кеткен. Полиция департаментінің мәліметінше, 4 жолаушы мен жүргізуші қаза тапты.