Жаңалықтар
Павлодар тас жолында автобус аударылып, екі бала мерт болды
- авторjambylinfo.kz
- 19 қыркүйек, 2022
- 480
Павлодар тас жолында автобус аударылып, екі бала мерт болды
Павлодар облысында балалар мінген автобус аударылып, тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, екі бала мерт болды.
Оқиға туралы хабарлама «103» пультіне сағат 00:29-да түскен. Елордадан Өскеменге бет алған жолаушылар автобусы шұңқырға түсіп кеткен.
Оқиға орнына үш жедел жәрдем көлігі мен апаттар медицинасы орталығының бір бригадасы жіберілді. Бірінші болып Қалқаман ауылынан жеткен жедел жәрдем науқастарды қарады.
- Өкінішке қарай, 6 және 14 жастағы екі бала дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды. Зардап шеккен тағы 9 адамға – бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт бала мен 31 мен 66 жас аралығындағы бес ересек адамға оқиға орнында көмек көрсетілді, - деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Түрлі жарақат алған балалар облыстық балалар ауруханасына, ал ересектер Павлодар қалалық № 1 ауруханаға жеткізілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Канелоны бір раунда 3 рет құлатуға болады – Әлімханұлы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






