Президент АЭС құрылысына қатысты келіссөздерде еліміздің мүддесін ескеру қажет екенін айтты
Мемлекет басшысының айтуынша, екінші және үшінші атом электр станцияларын салу мәселесін қазірден бастап жоспарлау қажет.
Мемлекет басшысы таяуда Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу бойынша жұмыстар басталғанына назар аударды. Жобаны халықаралық консорциум жүзеге асырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасы бағытындағы жұмыс бір ведомствоның немесе саланың аясында шектеліп қалмауға тиіс екенін ескертті.