Жаңалықтар

Президент Алакөлдегі жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді

Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың дайындық деңгейін сынға алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  президенттің баспасөз хатшысына ruslanzheldibay сілтеме жасап.

 Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне үкіметтің назарын аударды.