Жаңалықтар

Президент Антикордың бұрынғы басшысына алғыс білдірді

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға алғыс айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2025 жылғы 30 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды. Құжаттан президенттің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кіру арқылы Антикорды қайта құру туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.