Жаңалықтар

Президент көрнекті ғалым Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент Мемлекеттік сыйлықтың, "Парасат" және ІІ, ІІІ дәрежелі "Барыс" ордендерінің иегері Жабайхан Әбділдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.