Жаңалықтар
Президент «Торғай - Ырғыз» автокөлік жолының құрылысын жеделдетуді тапсырды
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 қазан, 2025
- 354
Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында жазды.
Президент Үкіметке "Торғай – Ырғыз" және батыс бағытындағы басқа автожолдардың құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жол құрылысы 2025 жылдың 14 маусымында басталды. Жаңа бағыт Астана мен Ырғыз арасын 573 шақырымға қысқартады.
Құрылыс бір уақытта екі жерде – Арқалық қаласы мен Торғай ауылында басталды. Жол "Астана – Жәнтеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз" бағыты бойынша салынып жатыр. Жалпы ұзындығы – 865 шақырым.




