Президент Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Кездесу барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарының өзекті мәселелері парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқыланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Танзила Нарбаеваға ілтипат білдіріп, оның Астанаға сапары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың айрықша сипатта өрбіп келе жатқанын растайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысы қос халық арасындағы достық, тату көршілік байланыстарды нығайтуға Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенаты төрағасының қосқан үлесін жоғары бағалады.