Жаңалықтар

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда кедергісіз орта құру үшін әлеуметтік қызметтер цифрландырылуда

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде Үкімет инклюзивті орта құру тәсілдерін өзгертуде.

 Бюрократия мен субъективті бағалауды болдырмау үшін мүгедектікті белгілеудің белсенді форматы енгізілуде. Қазірдің өзінде аурудың 30-дан астам түрі бойынша сараптама сырттай жүргізіледі, ал ампутация немесе Даун синдромы сияқты қайтымсыз өзгерістері бар азаматтар үшін мүгедектік автоматты түрде беріледі, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. 

 Осы жұмыс шеңберінде әлеуметтік қызметтер порталы жаңғыртылды, ол арқылы 345 мың техникалық оңалту құралдары берілді және өңірлерде 4 жаңа оңалту орталығы ашылды. Келесі қадам — озық технологияларды енгізу.