жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Ақорда
Бұл туралы Руслан Желдібай өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

 Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының комиссия директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру жөніндегі комиссиясының директоры лауазымын қоғамдық негізде қоса атқаратын болды. 

Желдібайдың айтуынша, бұл жаңа қоғамдық қызмет ел имиджін халықаралық деңгейде нығайтып қана қоймай, Қазақстанда дзюдо спортының жүйелі дамуына оң әсер етеді. Ол федерация басшысы Мариус Визерге білдірілген сенім үшін алғыс айтты.

Еліміздің халықаралық спорт ұйымдарында өкілдерінің болуы - өте маңызды. Бұл қадам арқылы еліміздің беделін нығайтумен қатар, тәжірибе де алмасамыз, – деді  Руслан Желдібай 

Сондай-ақ ол елімізде дзюдо саласында бірқатар жұмыс атқарылып жатқанын, бірақ әлі де шешуді қажет ететін мәселелер бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академиялар мен аймақтық орталықтар қажет екенін айтты. Халықаралық ынтымақтастықты арттыру арқылы бұл мақсаттарға жетуге болатынына сенім білдірді.

Жаңа қызметі арқылы Руслан Желдібай Қазақстанның спорт саласындағы рөлін күшейтіп, дзюдо қозғалысының өркендеуіне өз үлесін қоспақ.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар