"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 қыркүйек, 2025
- 325
Қанат Шарлапаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz kase.kz Қазақстан қор биржасының ресми сайтына сілтеме жасап.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның жалғыз акционері (KASE тикері – SKKZ) 2025 жылдың 25 қыркүйегінде осындай шешім қабылдаған. Соған сәйкес, Қанат Шарлапаев Директорлар кеңесінен шығарылғаны ресми құжатта көрсетілген.
Осы өзгерістен кейін Директорлар кеңесі алты мүшеден тұрады. Олар:
Олжас Бектенов – кеңес төрағасы, ҚР Премьер-министрі;
Нұрлан Жақыпов – кеңес мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы;
Болат Жәмішев – тәуелсіз директор;
Лука Сутера – тәуелсіз директор;
Вонг Хэн Фай – тәуелсіз директор;
Мұхаммед Джамиль әл Рамахи – тәуелсіз директор.
Еске сала кетсек, 2025 жылдың 25 қыркүйегінде Қанат Шарлапаев Қазақстан президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен де босатылған болатын.





