Бүгін яғни 7 шілде күні сағат 17:20 шамасында Сарысу ауданында қатты жауын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, тау бөктерінде орналасқан 200-ден астам үйдің ауласы мен 21 үйдің ішін су алған болатын, деп хабарлайды jambylinfo. kz.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқанов, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов шұғыл аттанған.
"Ауданда жел әсерінен бірнеше мәрте жарық сөніп, қайта жанды. Бұдан бөлек, Байқадам ауылдық округі Саудакент ауылындағы 5 көшеде жарық өшкен. Қазір жарықты қосу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда тұрғындарға көмектесу және су айдау жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін жергілікті атқарушы органнан және төтенше жағдай департаментінен барлығы 50-ден астам адам, 17 бірлік техника жұмылдырылып, 11 мотопомпа және дрон қолданылуда"- делінген хабарламада.
Сондай-ақ, хабарламада «Жаңатас-Саудакент» тас жолы су басу қаупіне байланысты жабылғаны және Саудакент елді мекенінде арнайы техникалардың көмегімен бұрылыстағы суды тоқтату, бағытын бұру жұмыстары жүргізіліп жатқаны жазылған.
Айта кетейік, қазіргі таңда су деңгейі төмендеді. Адам, мал шығыны жоқ
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында жазасын өтеушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 желтоқсан, 2024
Жекеменшік мектептерге 82 млн теңгеден астам айыппұл салынды
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 желтоқсан, 2024