Жаңалықтар
Шұбаркөл стансасында жүк вагондары рельстен шығып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 қараша, 2024
- 334
Оқиға басқа пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ.
Бүгін сағат 03.45 шамасында Шұбаркөл станциясының «Шұбаркөл Көмір» АҚ жеке кірме жолында 3 жүк вагоны рельстен шығып кетті. Деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрамды жеке компанияның локомотив бригадасы басқарған. Локомотив жеке тасымалдаушыға тиесілі. Оқиға басқа пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ.