Шу ауданы: инвестициялық серпін және тұрақты даму
- авторБақытжан Бекболат
- 8 тамыз, 2025
- 470
2024 жылдың алғашқы алты айының қорытындысымен Шу ауданында барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика сақталды. Бұл – жергілікті атқарушы органдар мен инвесторлар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың және қабылданған нақты шаралардың нәтижесі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестиция тартудың маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Осыған сәйкес, Шу ауданында бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
• 2024 жылы 26,
• 2025 жылы 11 инвестормен кездесу өткізіліп, жобаларды іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілді.
Бұл – аудан әкімдігі мен инвесторлар арасындағы сенім деңгейінің артып келе жатқанын көрсетеді.
Облыс әкімінің қолдауымен аудан аумағында орналасқан «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында (АЭА) ауқымды жобалар қолға алынды. Бүгінде бұл аймақ инвесторлар үшін тартымды орталыққа айналып отыр.
• Жалпы құны 791 млрд теңге болатын 21 жоба арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеліп, жер телімдері жалға берілді.
Аталған жобалар толық қуаттылығына 2026-2030 жылдары шыққаннан кейін, 5000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл ауданның әлеуметтік тұрақтылығын арттырып, еңбек нарығын жандандыруға оң әсер етпек.





