Жаңалықтар

Шу ауданындағы «Jibek Joly» АЭА аумағын кеңейту бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда

Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, әсіресе инвестиция тарту бағытында, қарқынды түрде жүзеге асуда.

Инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасау, жаңа жобалар мен өндірістерді орналастыру мақсатында «Jibek Joly» АЭА аумағын кеңейту бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

         •        Жыл соңына дейін экономикалық аймаққа қосымша 2 800 гектар жер телімі қосылып, жалпы көлемі 3 705 гектарды құрайтын болады.

Бұл – аймақтың инвестициялық әлеуетін арттырып, Шу ауданының стратегиялық тартымдылығын одан әрі күшейтеді.

Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, әсіресе инвестиция тарту бағытында, қарқынды түрде жүзеге асуда. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының дамуы – ауданның болашақтағы индустриялық және өндірістік әлеуетінің негізін қалайды. Бұл – жаңа жұмыс орындары, заманауи өндірістер және өңір экономикасының өркендеуі.