Жаңалықтар

Өскеменде 600-ден астам адам баласына 1 млрд теңге алимент төлемеген

Қалалық прокуратура баспасөз қызметі мәлімдеді

Өскеменде 600-ден астам адам баласына 1 млрд теңге алимент төлемеген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Өскемен қаласында балалардың пайдасына 171 млн теңге алимент өндірілді.

Қалалық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде 6 мыңнан астам алимент өндіру туралы сот шешімі орындалып жатыр. Төлемнің уақтылы түсуіне 8 мыңға жуық бала үміт артып отыр.

Алайда әлі күнге дейін кейбір ата-аналар төлемнен жалтарып жүр. Бүгінде Өскеменде осындай 649 адам бар. Олардың алимент бойынша берешегі 1 млрд теңгеден асады.