жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сот бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа үкім шығарды

Сот бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа үкім шығарды
Фото: Zakon.kz
Сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.

2025 жылдың 18 шілдесінде Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  zakon.kz

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) елшісінің кеңесшісі болып жұмыс істеген Сәкен Мамаш әйелі Каринаны 10 жыл бойы соққыға жыққан. Бұл туралы 2024 жылдың 6 мамырында белгілі болды. Содан кейін әйел қоғам қайраткерлерінен көмек сұрап, әлеуметтік желіде өз оқиғасын айтып берді. Ол күйеуін дипломатиялық мәртебесінен айыруды және түрмеге жабуды сұрады. Бұған ҚР Сыртқы істер министрлігі жауап беріп, Астана полициясы қылмыстық іс қозғады. 2025 жылдың 4 сәуірінде полиция бұрынғы дипломаттың ұсталғаны туралы хабарлады.

Сот процесі 2025 жылдың маусымында басталып, жабық есік жағдайында өтті. Бұл шешім жәбірленуші Карина Мамаштың өтінішімен қабылданған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар