жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сыбайлас жемқорлық істері бір ай ішінде 17 қылмыстық іс қозғады

Сыбайлас жемқорлық істері бір ай ішінде 17 қылмыстық іс қозғады
Фото: gov.kz
Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді,

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі шілдедегі жұмыстардың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бір ай ішінде 17 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, атап айтқанда:

билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану - 3;

пара алу - 5;

пара беру - 4;

алаяқтық - 2;

жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу – 1;

лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану – 1;

кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу – 1.

Мына баптар бойынша 16 қылмыстық іс сотқа жіберілді:

сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу - 1;

алаяқтық - 6;

ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру - 1;

қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) - 1;

лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану - 1;

пара алу - 2;

пара беру - 3;

қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру - 1.

Аяқталған істер бойынша мемлекетке жалпы сомасы 113,6 млн теңгеге келтірілген залал қайтарылған.

Сонымен қатар 619,1 млн теңге мүлікке тыйым салынды. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 471,84 мың теңге сомасында сыйақы берілді.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар