жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістан тұрғыны өзінің тірі екенін 30 жылдан кейін дәлелдеді

Түркістан тұрғыны өзінің тірі екенін 30 жылдан кейін дәлелдеді
ашық дереккөз
Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны А. сот арқылы өзінің 1994 жылғы 8 ақпанда туғанын ресми түрде дәлелдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұған ата-анасының құжаттары дұрыс рәсімделмегендіктен, оған туу туралы куәлік берілмегені себеп болған. Бүгінде А.-ның қолында тек орта мектепті бітіргені туралы аттестат бар, өзі азаматтық некеде тұрады және төрт бала тәрбиелеп отыр.

Сот куәгерлердің айғақтарын, әлеуметтік қызметтердің мәліметтерін және медициналық қорытындыларды ескере отырып, 2025 жылғы 20 маусымда оның өтінішін толық қанағаттандырды. Туғанын растаумен қатар, сот оның ата-анасымен туыстық байланысын да бекітті, бұл өзіне және балаларына құжат рәсімдеуге мүмкіндік берді.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар