сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025 14:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тәуелсіздік күні Қазақстанда 725 сәби дүниеге келді

Тәуелсіздік күні Қазақстанда 725 сәби дүниеге келді
Фото: pexels.com
Олардың ішінде 7 егіз бар.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні ел аумағындағы медициналық ұйымдарда 725 сәби өмірге келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ведомствоның мәліметінше, Тәуелсіздік күні туған нәрестелердің арасында ұлдар мен қыздардың саны бірдей – 362 және 363.

"Тәуелсіздік күнінде балалардың дүниеге келуі – ел үшін де, қуанышын атап өтетін отбасылар үшін де ерекше оқиға.

Перзентханалардың медицина қызметкерлері мереке күні аналар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы және уақтылы көмек көрсетіп, жауапкершілік пен біліктіліктің жоғары деңгейін көрсетті", - делінген хабарламада.

Жаңа туған сәбилер мен олардың ата-аналарын қуанышты сәтпен құттықтай отырып, бүлдіршіндерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және тәуелсіз Қазақстанда жарқын болашақ тілейміз.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар