Тәуелсіздік күні Қазақстанда 725 сәби дүниеге келді
Олардың ішінде 7 егіз бар.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні ел аумағындағы медициналық ұйымдарда 725 сәби өмірге келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ведомствоның мәліметінше, Тәуелсіздік күні туған нәрестелердің арасында ұлдар мен қыздардың саны бірдей – 362 және 363.
Жаңа туған сәбилер мен олардың ата-аналарын қуанышты сәтпен құттықтай отырып, бүлдіршіндерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және тәуелсіз Қазақстанда жарқын болашақ тілейміз.