Тағы да аптап ыстық: Қазгидромет алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады
Қазақстанның оңтүстігінде 40 градусқа дейін ыстық болады
«Қазгидромет» синоптиктерінің 7, 8 және 9 тамызға арналған болжамына сәйкес, қысқа мерзімді салқыннан кейін оңтүстік аймақтарда ауа райы жылынып, құрғақ болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
8 тамыздан бастап Ираннан жылы ауа массалары келіп, күндізгі температура +35 пен +41 градус аралығында болады деп күтілуде.
Солтүстік өңірлерде алдағы үш күнде суық ауа массалары әсер етіп, жаңбыр мен найзағай болады, кей жерлерде қарқынды жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін.