Жаңалықтар
Тараз қаласындағы колледждің біріне бомба қойылған
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2022
- 595
Тараз қаласындағы колледждің біріне бомба қойылған
Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Тараз қ. Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына Жамбыл политехникалық колледжінен Тараз қаласының Төле би даңғылы мен Домалақ ана көшесіндегі оқу орнының барлық корпустарына жарылғыш заттар қойылғаны және 1 сағатта жарылатыны туралы telegram парақшасына белгісіз абоненттен хат түскендігі туралы хабарлама келген.
Шақырту орнына жедел түрде Полиция департаментінің 22 автоэкипажы, 100 полиция қызметкері, арнайы саперлер мен кинолог мамандары, Төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды.
Колледж қызметкерлері мен студенттер және басқа да азаматтар қауіпсіз жерге көшірілді.
Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жарылғыш зат анықталған жоқ.
Полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) тергеп-тексеру амалдары басталды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Талас халық театры республикалық додада топ жарды
- авторБақытжан Бекболат
- 8 желтоқсан, 2025





