Таразда науқастарды 5 жыл бойы мүгедектік топқа шығармай келген
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 19:56
- 34
Салдарынан емделушілер соңғы 5 жылда әлеуметтік төлемдерден қағылып, жәрдемақы ала алмаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv сілтеме жасап.
Медицина мамандарының немқұрайлы әрекетке барғанын аймақ прокурорлары анықтады. Дәрігерлер тіпті 50-ден аса науқастың құжаттарын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. Салдарынан мүгедектік топты анықтамай, айықпас дертке шалдыққан азаматтар аурудың үшінші және төртінші сатысына өтіп кеткен. Тиісті қызмет ала алмаған тұрғындар арасында 85 жастағы қария да, 30-дан асқан жігіттер де жүр. Өкініштісі, мүшкіл хәлдегі науқастар енді 5 жылдық мүгедектік төлемді ала алмайды. Бірақ қазан айынан бастап мемлекеттік қолдауға іліккен.
Саламат Әбітбекова, Тараз қалалық прокуратурасының прокуроры:
Тараз қаласы прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. Сондай-ақ осы аталған заңбұзушылықтар үшін дәрігерлік-консультациялық комиссияның 5 төрағасы жауапкершілікке тартылды.
Ұқсас жаңалықтар
Балаларды интернеттегі қауіп-қатерден қалай қорғауға болады?
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 желтоқсан, 2025




