сәрсенбі, 4 желтоқсан, 2024 22:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда қоқыс алаңдарын бетон бағаналармен қоршау жұмыстары басталды

Таразда қоқыс алаңдарын бетон бағаналармен қоршау жұмыстары басталды
Сурет: Тараз қаласы әкімдігі
Пилоттық жоба негізінде биыл жалпы саны 20 қоқыс алаңын жаңғырту жоспарланған

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының аумағын аралау барысында қоқыс алаңдарын бетон бағаналармен қоршау мәселесіне  баса назар аударып, атқарушы билікке нақты тапсырма жүктеген болатын. Соған байланысты қала әкімдігі тарапынан арнайы пилоттық жоба қолға алынған, Jambylinfo.kz. деп хабарлайды

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жоба аясында мердігер «Құрылыс-2015» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, қоқыс алаңдарын бетон бағаналармен қоршау жұмыстары басталған.

«Бүгінде Ұлбике ақын көшесі, №115, «Қаратау» шағын ауданы, №44, «Алатау шағын ауданы», №1,2 және Төле би, №48 мекенжайындағы қоқыс алаңдары толығымен жаңартылса, «Аса» шағын ауданы, №15, 15б, 16, 17, 24 тұрғын үйлері маңындағы алаңдар бірер күнде аяқталады. Қазіргі таңда мұнда алаңдардың айналасын асфальттау секілді бірлі-жарым жұмыстар ғана қалған. Осылайша, биыл жалпы саны 20 қоқыс алаңын жаңғырту жоспарланған»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазір шаһардағы 328 қоқыс алаңында 1 540 контейнер орналасқан. Егер пилоттық жоба жыл аяғына дейін өз тиімділігін көрсетсе, келер жылы тағы 200 қоқыс алаңын жаңалап, бюджет есебінен қосымша 1 000-нан аса контейнер сатып алу көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде қала тазалығын сақтап қана қоймай, қоқыс салатын жәшіктерді көбейтіп, оны таситын көліктердің емін-еркін қатынауына да мүмкіндік бермек.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар