Таразда тізе буынын алмастыру отасы сәтті өтті
Дәрігердің айтуынша, ота портал арқылы жоспарлы түрде жасалған, қазіргі таңда науқас өздігінен жүре алатын жағдайға жеткен.
Тараз қаласының 1958 жылы туған тұрғыны Көркем Алданазарова тізе буынына жасалған күрделі отаның арқасында өздігінен жүріп кете алды.
Оған 10 жыл бұрын гонартрит — тізе буынының созылмалы қабынуы диагнозы қойылған болатын. Ауру жыл сайын үдеп, соңғы уақытта қозғалысты шектеп, өмір сапасына айтарлықтай кері әсер еткен.
Жергілікті қалалық көпбейінді аурухана мен консультативтік-диагностикалық орталықтың мамандары, атап айтқанда травматолог дәрігер Қайыржан Бөгенбайұлының жетекшілігімен науқасқа тізе буынын эндопротездеу (имплантпен ауыстыру) отасы сәтті жасалды.
Көркем Алданазарова отаның нәтижесіне көңілі толатынын айтып, алғысын білдірді:
Айта кетейік, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында жамбас және тізе буындарын эндопротездеу оталары МӘМС аясында тегін жасалады.