Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық елге қайтарылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 наурыз, 2026
- 71
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қақтығыс ушыққан Таяу Шығыстан еліміздің азаматтарын эвакуациялауға қатысты жаңа деректерді ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрлік мәліметінше, эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды.
Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылуда.
"Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастыруда, отандастарымызбен тұрақты байланыста", - деп мәлімдеді СІМ өкілдері.
Еске сала кетейік, наурыздың 7-інен 8-іне қараған түні Қазақстанға Таяу Шығыс елдерінен Air Astana, Scat, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындап, соның арқасында 1 786 жолаушы елге жеткізілді.






